Елордада толассыз қар жауып тұр
Астана қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымда оқитын оқушыларға сабақ болмайды, деп хабарлайды елордалық Білім басқармасы.
«Қала мектептерінде екінші ауысым оқушылары үшін сабақ болады. Алайда сабақ санын қысқарту туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар ата-аналар ауа райының нашарлауына байланысты балаларды мектепке жібермеуге құқылы екенін қоса хабарлаймыз», - делінген Білім басқармасы таратқан хабарламада.
Айта кетейік, елордада толассыз қар жауып тұр. 24 қарашадан 25-іне қараған түні қаладағы коммуналдық қызметтердің күшімен 5 мың текше метрден астам қар жиналып, полигондарға шығарылды, бұл 500-ге жуық рейсті құрады.