$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

38 градусқа дейін аяз: Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады

Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын тоқтайды

38 градусқа дейін аяз: Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер Қазақстанда 26-28 қарашада ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне суық арктикалық ауамен толтырылған Солтүстік антициклоны әсер етеді, соның әсерінен солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыста ауа температурасының күрт төмендеп, жауын-шашын тоқтайды.  Атмосфералық фронттардың өтуімен 26 қарашада шығыста, 26-28 қарашада республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы тұрақсыз болып, қар жауады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

26 қарашада шығыста, 26-27 қарашада оңтүстік-шығыста қар жауады. 

Республика бойынша тұман, шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста желдің күшеюі 15-28 м/с, шығыста бұрқасынмен, оңтүстік және оңтүстік-шығыста көктайғақ болады. 

Түнде батыста ауа температурасы 5-15 аязға дейін аздаған төмендейді, 26-27 қарашада солтүстік-батыста 20-30 аязға дейін, солтүстікте 23-36 аязға дейін, орталықта 17-34 аязға дейін, 27-28 қарашада шығыста 27-38 аязға дейін күрт төмендеуі болжанады, 27-28 қарашада ауа температурасы оңтүстік, оңтүстік-шығыста 5-15, таулы жерлерде аудандарда 15-20 градус аяз дейін төмендейді.

Серіктес жаңалықтары