Ауа райы болжамы: еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Автор: Azattyq Rýhy

Сонымен қатар жел күшейіп, бұрқасын болатыны ескертілді

фото: stan.kz

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамынша 25 қарашада еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болады және жауын-шашын жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі, таулы аудандарда күші 15-20 м/с жел соғады.

Жетісу облысының таулы және тау етегіндегі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі.

Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде кей уақытта 23 м/с күтіледі.

Астанада жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде кей уақытта қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен батысқа жел ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қар, облыстың солтүстік-шығысында қатты қар күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

Абай облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар, облыстың оңтүстігінде қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының оңтүстігінде қатты қар, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады, облыстың шығысында қатты қар, облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында, күндіз облыстың шығысында бұрқасын. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 25 қарашада 23-28 м/с күтіледі.

Тегтер: