20 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Бейсенбі күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК 20 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Атлантикалық циклонның өтіп бара жатқан жырасы республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында тұрақсыз ауа райының сақталуына әсер етеді, кей жерлерде қар жауады. Қазақстанның қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман күтіледі, солтүстікте, орталықта және шығыста бұрқасынмен бірге жел күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын күтіледі, желдің күшеюі түнде 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел түнде 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, желдің күщеюі 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде жел 18 м/с бұрқасынмен бірге күшейеді.

Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күтіледі.