«El Media» редакциясының шыны қабырғаларын сындырған күдіктілер ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Істің басқа да мән-жайлары анықталуда

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда «El Media» редакциясы орналасқан ғимараттың кіреберіс шыны қабырғаларын сындырған екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Алматы қаласының полиция Департаменті, аталған заңсыз әрекетті жасады деген күдікпен екі адамның ұсталғанын хабарлайды: Алматы қаласының тұрғыны З.есімді азамат және Тараздық Г.есімді азамат. Екеуі де 18 жаста. Күдіктілердің әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы – ұсақ бұзақылық бойынша сараланған», - делінген хабарламада.

Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады.

Ұсталғандар жасаған әрекеттерін мойындады.