Бұл туралы Мажарстан Үкіметінің қаулысында жарияланды
Будапешт 2023 жылы ЕО-ның 18 миллиард еуроға дейінгі жоспарланған қолдау пакетіне қосқан үлесі ретінде Украинаға 187 миллион еуро қаржылай көмек көрсетеді, деп хабарлайды хабарлайды Azattyq Ruhy Reuters-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Мажарстан үкіметінің қаулысында жарияланған.
Бұл ретте Мажарстан үкіметі Будапешт Украинаға қаржылық қолдаудың үлесін төлеуге дайын екенін, бірақ оны ЕО-ның жалпы пакеті арқылы емес, екіжақты тәртіппен беретінін айтты.
«Үкімет соғысқа душар болған Украинаны қаржылық қолдауды жалғастыруда»,- делінген қаулыда.
Сондай-ақ, құжатта Мажарстанның сыртқы істер министрі Питер Сийярто Украинамен қаржылық көмекке қажетті келісімді әзірлеу туралы келіссөздерді бастауы керек делінген.
Айта кетейік, ЕО 2023 жылға Украинаға 18 миллиард еуро қаржы пакетін бөледі. Барлық сома 12 айға бөлінеді. Яғни, келесі жылы Киев ай сайын 1,5 миллиард еуро алып отырады.