Үкімет жанындағы Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия отырысы өтті
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Үкіметінің жанындағы Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия (ЖҒТК) отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Ғылымды дамытудағы басымдықты бағыттар мен 2020-2022 жылдары жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыру көлемін бөлу туралы ҚР білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, атом энергетикасы саласындағы технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулер туралы ҚР энергетика министрі Н. Ноғаев баяндады.
2020-2022 жылдары жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландырудың жалпы көлемі 9 млрд теңгені құрайтын болады (жыл сайын 3 млрд теңгеден).
Қазіргі кезде мемлекеттік ғылыми-техникалық және экономикалық сараптамалар нәтижесі бойынша ұлттық ғылыми кеңестер келесі 7 басымдықты бағыт бойынша жас ғалымдардың 1013 өтінімін іріктеп алды:
ЖҒТК «Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулерді» жеке басым бағыт ретінде бөлуді бекітті, бұл Қазақстанның қазіргі ғылыми мектептерін одан әрі нығайту мен дамытуға, осы саладағы ғалымдардың жаңа буынын қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған.