Қазіргі кезде 817 адам COVID-19 инфекциясынан емделіп жатыр
Қазақстанда өткен тәулікте 116 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Сондай-ақ 7 адам КВИ пневмониясына шалдыққан. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
24 қарашадағы мәлімет бойынша, 817 адам коронавирус инфекциясынан (–666+ және 151 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 122 пациент стационарда, 695 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 7 адамның жағдайы ауыр,
- 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.