$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Канада 1,5 млн иммигрант қабылдауға дайын екенін мәлімдеді

Бүгінде Канаданың әрбір төртінші тұрғыны басқа елде туған

Канада 1,5 млн иммигрант қабылдауға дайын екенін мәлімдеді
Foto: Canada fan

Канада әлем халына үндеу тастап, 1,5 миллион шетелдікті қабылдауға дайын екенін  білдірді. Канаданың әрбір төртінші тұрғыны басқа елде дүниеге келген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

BBC агенттігіне хабарлауынша, Канада иммиграцияға мән беру арқылы келушілердің бұрын-соңды болмаған толқынын күтіп отыр. Шетелдіктерді шақыру арқылы үкімет экономикасына жұмыс істейтін адам күшін тартып қана қоймай, халықтың қартаю проблемасын да шешпек. Өйткені канадалықтардың жаппай зейнетке шығуына байланысты жұмыс күшінің жетіспеушілігі шиеленіскен.

Десе де, жергілікті халық көптеген шетелдікті құшақ жая қарсы алуға дайын емес. Канаданың Федералды билігі алдағы қаңтардан бастап 2025 жылдың соңына дейін иммигрант қабылдауды жоспарлап отыр. Алдағы үш жылда Канада халқының жалпы саны 1,5 млн адамға ұлғаюы тиіс. Бұл Ұлыбританияның жоспарынан сегіз есе көп.

Жалпы соңғы онжылдықта Канада билігі иммигранттардың келуін әдейі ынталандырып келеді. Бұл жағдайда иммигранттарға Канадада тұрақты тұруға мүмкіндік болғанымен, аазаматтық берілмейді. Былтыр Канадада 405 мың шетелдік тұрақты тұруға рұқсат алған, бұл – ел тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.

Билік бұл әректетін қарапайым арифметикамен түсіндіреді. Көптеген басқа дамыған елдердегідей, Канададағы туу көрсеткіштері тұрақты түрде төмендеген және тұрғындардың өмір сүру жасы қысқарған. Бұл елдегі еңбекке қабілетті халықты қамтамасыз ету қиынға соғады, зейнеткерлер өте көп.

Бүгінде Канаданың әрбір төртінші тұрғыны басқа елде туған.

«Иммигранттарды адамдар көп қоныстанбаған аумаққа және Канаданың қолайлы демографиясына тарту жеткіліксіз. Бұл үшін ең бастысы – халықты қолдау. Көптеген ел үшін басты шектеуші фактор – қоғамдық пікір. Менің ойымша, бұл қоғамның ел билігіне мигранттардың ағынын қалай қамтамасыз ететініне және биліктің әрқашан елдің мүддесі үшін жасаған әрекеті екеніне деген сенім тудыра алатынында», - деді Торонтодағы Макмастер университетінің саясаттанушысы Джеффри Кэмерон.

Референдумда британдықтардың Еуропалық Одақтан кетуге шешім қабылдауының себептерінің бірі – ел халқының едәуір бөлігі ЕО-ға кірген Шығыс Еуропа елдерінен арзан жұмыс күшінің жаппай ағынына теріс көзқараспен қарады. Канада басқа мемлекеттерге қарағанда экономикалық санаттағы мигранттарды көбірек қабылдап қана қоймайды, сонымен қатар, босқындар үшін әлемдегі ең ашық елдердің қатарында тұр. 2021 жылы ел билігі 20 мыңнан астам үміткерге баспана берді. Канада әрқашан иммиграция бойында ауқымды жоспарларды жүзеге асыра алмады. Мысалы, 2021 жылы Үкімет шамамен 59 мың босқынды қабылдауды жариялағанымен, іс жүзінде көрсеткіш үш есе аз болды.

Серіктес жаңалықтары