Бұған қоса тағы бір адам жарақат алған
Кабулда сәрсенбі күні мешітте атыс болып, бір отбасының 5 мүшесі мерт болды, тағы бір адам жарақат алды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қанды оқиға туралы Синьхуа агенттігі Кабул полициясының өкілі Халид Задранға сілтеме жасап хабарлады.
Сәрсенбі күні таңертеңгі уақытта Хавджа-Раваш ауданындағы мешітте бір ер адам оқ атқан. Соның салдарынан бір отбасының бес мүшесі қаза тапты. Тағы бір адам жарақат алған.
Полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.