Жарақат алған тағы 4 адам ауруханаға түсті
«Алматы-Кеген-ТЮП» автожолының 2- шақырымында орын алған жол апатынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
23 қарашасында сағат 15:00 шамасында Toyota автокөлігінің 50 жастағы жүргізушісі қарсы бетке шығып, Mitsubishi автокөлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан оқиға орнында Toyota жүргізушісі мен оның 3 жолаушысы қайтыс болды. Сонымен қатар, Mitsubishi автокөлігінде болған 4 адам Есік кентінің ауруханасына жеткізілді.
«Аталған дерек бойынша Еңбекшіқазақ ауданының ПБ-да ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды», - делінген ҚР ІІМ хабарламасында.