Жарақат алған оқушы ауруханаға жеткізілді
Жетісу облысы полиция департаменті Талдықорғанда 8 жасар баланы қағып кеткен жүргізушінің қамауға алынғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«23 қараша күні кешкі уақытта Абылай хан көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде «Мазда» автокөлігі 8 жасар баланы қағып кетті. Бала түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. 24-жастағы көлік жүргізушісі қалалық полиция бөліміне айғақ беру үшін жеткізілді», - деп хабарлады Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі.