Жол жеті облыста жабық
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты ұзындығы 6198 шақырым 44 учаскеде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл еліміздегі республикалық маңызы бар автожолдардың 24,9% құрайды. Жалпы жол қозғалысы 7 облыста жабық.
Атап айтқанда мына жолдар жабылды:
1. Нұр-Сұлтан-Щучинск 18-231 шақырымы
2. Нұр-Сұлтан-Теміртау 1291-1425 шақырымы
3. Жезқазған-Петропавл 377-565 шақырымы (Қостанай обл-Знаменка)
4. Екатеринбург-Алматы 856-1247 шақырымы, (СҚО-Нұр-Сұлтан)
5. Қостанай-Әулиекөл-Сұрған 232-260 шақырымы (Қостанай обл-Сұрған)
6. Жақсы-Есіл-Бұзылық 0-80 шақырымы (Жақсы–Бұзылық).
7. Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті 16-235 шақырымы (Нұр-Сұлтан – Шідерті)
8. Щучинск-Зеренді 0-80 шақырымы (Щучинск– Зеренді)
9. Көкшетау-Атбасар 107-184 шақырымы (Балқашино-Атбасар)
10. Макинск-Ақсу-Торғай 0-240 шақырымы (Макинск-Торғай)
11. Нұр-Сұлтан-Қабанбай Батыр-Киевка-Теміртау 32-104 (Қабанбай Батыр-Киевка)
12. Нұр-Сұлтан-Қорғалжын 38-180 шақырымы (Ақмол-Қорғалжын қорығы)
13. Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай 89-234 шақырымы (Комсомол-Қостанай обл)
14. Жезқазған-Петропавл 138 -377 шақырымы (Ұлытау-Ақмола обл)
15. Қызылорда-Павлодар 970-1135 шақырымы (Қараганды-Павлодар обл)
16. Екатеринбург-Алматы 1446-1457 шақырымы (Теміртау-Қарағанды)
17. Екатеринбург-Алматы 1504-1610 шақырымы (Жұмабек-Ақсу-Аюлы)
18. Қарағанды-Аягөз-Бұғаз 17-217 шақырымы (Қарағанды –Қарқаралы)
19. Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Керней (231-324 шақырымы (Ботақара-Павлодар обл)
20. Қостанай-Әулиекөл-Сұрған 7-232 шақырымы (Қостанай-Ақмола обл)
21. Екатеринбург-Алматы 686-729 шақырымы (Сарыкөл-СҚО)
22. Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай 231-504 шақырымы (Ақтөбе обл.-Рудный)
23. Денисовка-Жетіқара-Мықтыкөл-РФ 0-167 шақырымы (Денисовка–РФ)
24. Екатеринбург-Алматы 468-540 шақырымы (Қарабалық-Қостанай)
25. Қостанай қ. айналма жолы 0-21 шақырымы
26. Қызылорда-Павлодар 1135-1208 шақырымы (Қарағанды обл-Шідерті)
27. Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Керней 138-231 шақырымы (Баянауыл-Қарағанды обл)
28. Ленинский-Ертіс-Русская Поляна 0-272 шақырымы (Ленинский-РФ)
29. Қызылорда-Павлодар 1208-1251 шақырымы (Шідерті-Екібастұз).
30. Қызылорда-Павлодар 1251-1352 шақырымы (Екібастұз-Қалқаман)
31. Екатеринбург-Алматы 729-856 шақырымы (Қостанай обл-Ақмола обл)
32. Жезқазған-Петропавл 595-701 шақырымы (Ақмола обл-Новоишимка)
33. Көкшетау-Рузаевка 102-196 шақырымы (Саумалкөл-Рузаевка)
34. Жезқазған-Петропавл 701-795 шақырымы (Новоишимка-Сергеевка)
35. Волошинка-Сергеевка-Тимирязев 75-119 шақырымы
36. Тимирязево-Сарыкөл-Қостанай обл 0-31 шақырымы (Тимирязево-Қостанай обл)
37. Булаево-Возвышенка-Молодогвардейское-Кирово-Киялы- Рощенское 0-228, шақырымы (Булаево-Рощенское)
38. Өскемен-Шемонаиха-РФ 105-123 шақырымы (Шемонаиха-РФ)
39. Қызылорда-Павлодар, 756-920 шақырымы (Атасу-Абай)
40. Алматы-Өскемен, 780-967 шақырымы (Аягөз-Қалбатау)
41. Семей-Қайнар 8-266 шақырымы (Семей-Қайнар)
42. Өскемен-Шемонаиха-РФ 35-102 шақырымы (Предгорное-Шемонаиха)
43. Өскемен-Риддер-РФ 15-105 шақырымы (Белоусовка-Риддер)
44. Өскемен-Семей, 10-198 шақырымы (Герасимовка-Семей)
Республика жолдарында 785 арнайы техника жұмыс істеп жүр.