Астана елорда болғалы жер аумағы жағынан 3 есе өскен
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Агломерацияларды дамыту туралы» заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Теңсіздіктердің пайда болуына ықпал ететін негізгі фактор – ірі қалалар мен оларға іргелес аумақтарда халық санының бақылаусыз өсуі болып табылады. Мәселен, соңғы 10 жыл ішінде Астана қаласының халқы 59% пайызға, Алматыда 37%-ға, Шымкентте 67%-ға өсті. Оған қоса, қалалардың аумақтары да едәуір өсті. Мысалы, Астана елорда болғалы жер аумағы жағынан 3 есе өсті, Алматы қаласының аумағы соңғы он жылда 2,5 есе өсті, ал Шымкенттің аумағы 3,5 есе өсті. Ірі қалаларда халық саны мен жер аумағының өсуі бірқатар проблеманы тудырып отыр», - деді министр.