Ол «Ақ жол» фракциясынан сайланды
«Ақ жол» партиясының қаулысы бойынша, сол сияқты ОСК қаулысымен Мәжіліс депутаты болып Фуат Сатыбаев тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Парламенттің жаңа сайланған депутаты Қазақстан халқына ант берді.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстанның тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант етемін», - деді депутат.