$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ҚР Президенті сайлауында БАҚ кандидаттар туралы ақпарат жариялауда теңдік қағидатын ұстанды – ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Сол сияқты кандидаттарға мемлекеттік бюджет есебінен эфир уақыты мен баспа алаңының теңдей үлестірілгені атап өтілді

ҚР Президенті сайлауында БАҚ кандидаттар туралы ақпарат жариялауда теңдік қағидатын ұстанды – ЕҚЫҰ ДИАҚБ

20 қарашада өткен кезектен тыс ҚР Президенті сайлауында қазақстандық БАҚ кандидаттар туралы ақпарат жариялауда теңдік қағидатын ұстанды. Бұл туралы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) бюросының демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі миссиясының мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ЕҚЫҰ миссиясының мәліметінше, сайлау күні тыныш өтті, дауыс беру ұтымды ұйымдастырылған және жалпы рәсімдер сақталған.

«Сайлауды өткізуге құзырлы органдар БАҚ-та дауыс берушілерге ақпаратты кеңінен таратты. Орталық сайлау комиссиясы заңнамада белгіленген мерзімге сәйкес сайлауға дайындықты тиімді жүзеге асырды. ОСК тікелей эфирде ашық отырыстар өткізіп, қабылданған шешімді сол күні жариялап отырды. Сонымен қатар орталық сайлау комиссиясы тікелей эфирде байқаушылар, БАҚ және партиялардың сенімді өкілдерінің қатысуымен отырыстарды тұрақты ұйымдастырды. Отырыстан соң баспасөз мәслихаты өтіп тұрды. ОСК шешімдерінің қабылданған күні онлайн жарияланып отырғаны оң бағасын алды», - делінген ЕҚЫҰ бюросының демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі миссиясының мәлімдемесінде.

Сондай-ақ мәлімдемеде сот төрелігін цифрландыру саласындағы соңғы бастамалардың шағым түсіру процедурасын жеңілдетіп, мемлекеттік органдардың жауап беру жылдамдығын арттырғаны оң нәтиже екені айтылған.

«Мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлауға қатысуына, сайлау өткізу және әкімшілік сот ісін жүргізу жөніндегі органдардың дауларды шешуі үшін рәсімдік негізге қатысты елеулі техникалық өзгерістер байқалады. Мүгедек жандардың сайлауға қатысуына, сайлау өткізу жөніндегі органдардың дауларды шешуі үшін рәсімдік негізге және әкімшілік сот ісін жүргізуге байланысты елеулі оң қадамдар жасалды. Миссия бақылағандай сайлауалды үгіт-насихат өткізу орындарының жартысынан көбі мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді болды. Сайлау науқанына дайындық онлайн, бетпе-бет әрі бейтарап түрде ұйымдастырылды. Сондай-ақ миссия сайлау науқаны кезінде ұлтқа бөліну, кемсітуді байқамады, - делінген хабарламада.

Одан бөлек кандидаттарға мемлекеттік бюджет есебінен эфир уақыты мен баспа алаңының теңдей үлестірілгені атап өтілді.

«578 БАҚ-қа жүргізілген мониторингке сәйкес, олар сайлау туралы ақпарат таратуда теңдік қағидатын сақтады. Мониторинг жүргізілген телевизиялық станциялар, өздерінің жаңалықтар бағдарламасында сайлау алдындағы кандидаттарға бөлінген эфир уақытын тең бөлу міндеттемесін сақтады. Көптеген телеарнада жаңалықтар сурдоаударма арқылы таратылды. «ҚР Сайлау туралы» Заң және әкімшілік процедуралық кодекс сайлауға қатысты дауларды шешудің ақылға қонымды мерзімдерін белгілейді. Соңғы жылдары әділет, құқық қорғау органдарына және соттарға сайлауға байланысты шағымдар беру үшін онлайн-портал құрылып, цифрландыру бойынша айтарлықтай бастамалар енгізілді. Осылайша ЕҚЫҰ бюросының демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі миссиясының барлық әңгімелесушісі шағым беру рәсімін едәуір жеңілдетіп, мемлекеттік органдардың ден қою жылдамдығының артқанын атап өтті», - делінген ресми хабарламада.

Серіктес жаңалықтары