Еуропа Ресей газын импорттауды азайтты

Қазір Австрия Ресей газын импорттауды 21%-ға дейін төмендеткен

Еуропа Ресей газын импорттауды азайтты
Фото: ашық дереккөзден

Еуропа елдері Ресей газынан біртіндеп бас тартпақ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Украинадағы соғысқа дейін ЕО елдерінің ішінде Ресей газына тікелей тәуелді болған мемлекеттің бірі Австрия болған. Қазір Австрия Ресей газын импорттауды 21%-ға дейін төмендеткен. Украинадағы соғысқа дейін Австрия Ресейден газдың 80%-дан астамын импорттаған.

«Біз ресейлік газға тәуелділіктен құтылатын үлкен қадам жасадық», - деді Энергетика министрі Леонор Гевесслер.

E-Control реттеушісінің мәліметі бойынша, ресейлік газдың үлесі 21%-ға дейін төмендеді, дегенмен оның жылдық өлшемдегі үлесі 60% деңгейінде қалып отыр.

«Біз әлі жолдың аяғына жеткеніміз жоқ. Біз Ресей газынсыз өмір сүре алатын кезде ғана тәуелділіктен құыталмыз», - деді Гевесслер.

Австриядағы жағдай Еуропадағы қазіргі тенденцияны көрсетеді. Өткен айда Ресейден ЕО-ға газ импорты соңғы онжылдықтарда алғаш рет аптасына 0,4 миллиард текше метрден төмендеді.

Сонымен қатар, Австрия қыс мезгіліне дайын көрінеді, өйткені оның газ қоймаларының 95%-ы әлі толы. Қоймалардағы 9 миллиард текше метр газдың төртеуі австриялық емес клиенттерге тиесілі, олар Швейцарияда (газ қоймалары жоқ) және Баварияда (үш миллиард текше метрге ие Зальцбургтегі қоймаға тәуелді) болуы мүмкін.

Жуырда Австрия Парламенті үш күндік пікірталастан кейін 2023 жылға арналған бюджетті бекітті, ол қорғаныс шығындарын едәуір арттыруды көздейді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.