Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейген

Автор: Azattyq Rýhy

Сондай-ақ 5 адам КВИ пневмониясына шалдыққан

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 92 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Сондай-ақ 5 адам КВИ пневмониясына шалдыққан. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

23 қарашадағы мәлімет бойынша, 771 адам коронавирус инфекциясынан (–617 + және 154 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 120 пациент стационарда, 651 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 6 адамның жағдайы ауыр,

- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.