Валюта бағамы: 23 қарашада доллар қанша теңгеден сатылып жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Ұлттық банк сәрсенбіге арналған валюта бағамын жариялады

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның Ұлттық банкі 23 қарашаға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бүгін, яғни сәрсенбі күні доллар бағамы сәл арзандап, 462,75 теңге болды.

Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта 463,55 теңге болған еді.

Ресей рублінің ресми бағамы 7,64 теңге болды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 463 теңгеден сатып алынып, 467 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 463 теңгеден сатып алынып, 467 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

USD / KZT – 462,75 (АҚШ доллары)

EUR / KZT – 475,15 (еуро)

RUB / KZT – 7,64 (ресейлік рубль)

TRY / KZT – 24,85 (түрік лирасы)

CNY / KZT – 64,87 (қытай юані)

KGS / KZT – 5,48 (қырғыз сомы)

UZS / KZT – 4,14 (өзбек сомы).