23.11.2022, 02:43
Жаңалықтар
WhatsApp желісіндегі топқа кірген ақтаулықтар 13 млн теңгесінен айырылды
Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді
фото. life.ru
Ақтауда 51 жастағы әйел «WhatsApp» мессенджерінде топ ашып, ақшаны көбейтіп беремін деген желеумен жұрттың қомақты қаржысын иемденіп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
13 миллион теңгесінен айырылған алты жәбірленуші интернет-алаяқтық әрекеттері бойынша Ақтау қаласы полициясына арыз түсірді.
Егде әйел мессенджерде түрлі топтар құрып, ақша салсаңыз көбейтіп беремін деп елдің ақшасын жинап алған.
«Аталған дерек Ақтау қаласы ПБ-ға ҚР ҚК 190-бабы бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді», - деп көрсетті Ақтау қаласы полиция департаменті.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты: СІМ
26.10.2026, 07:22
Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
26.10.2026, 12:11
Астанада қонақүй кешенінде өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды