Алматы әкімдігі заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің тізімін жариялады
Салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің құжаттарының бар-жоғын қала құрылысын бақылау басқармасынан білуге болады
Алматы қаласының әкімдігі тиісті құжаттарының толық болмауына байланысты жылжымайтын мүлікті сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
1. «KHAN» клуб үйі – Бостандық ауданы, Витебская к-сі, 44/3, 44а, СЖТ – бар, жоба эскизі – жоқ
2.«Castle Rock» ТК - Бостандық ауданы, Ерменсай ы/а, Көлсай к-сі, 31/3, СЖТ, жоба эскизі – жоқ
3. «Rich» клуб үйі – Бостандық ауданы, Мирас ы/а 24/1, 24/2, 25/5, СЖТ - бар, жоба эскизі - жоқ
4. «Esentai Terrace» клуб үйі (бұрынғы Pine Hill резиденциясы) Медеу ауданы, 2-көше, 33 учаске, СЖТ – бар, жоба эскизі – жоқ
5. «Alma Garden» клуб үйі – Медеу ауданы, 6-көше, 7, 9 учаскелер, СЖТ, жоба эскизі – жоқ
6. Chelsea Club House клуб үйі - Медеу ауданы, Таулы қырат, Сызғанов/Шукшин көшелері, СЖТ, жоба эскизі - жоқ
7. «Цюрих» ТК – Наурызбай ауданы, Сейітбеков к-сі 18, 18А, 18Б, СЖТ, жоба эскизі – жоқ
8. «Flora» ТК - Наурызбай ауданы, Тастыбұлақ ы/а, Таутаған көшесі 6, 8,10. СЖТ, жоба эскизі – жоқ
9. «Lantana» ТК – Наурызбай ауданы, Үлкен Алматы ауылдық округі. СЖТ, жоба эскизі – жоқ.