22.11.2022, 22:35
Жаңалықтар
Атырау облысында жоғалып кеткен жас жігіт 3 күннен бері табылмай жатыр
Жоғалған жігітті іздеуге 40-қа жуық адам жұмылдырылған
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жамбыл ауылдық округіне қарасты Қаракөл ауылының тұрғыны үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
1998 жылы туған азамат 20 қараша сағат 05:00-де үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, қайта оралмаған.

«Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштер мен құралдары, аудандық полиция бөлімі, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және жергілікті тұрғындардан, жалпы саны 37 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды», - делінген Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобының хабарламасында.
Көп оқылған
12.03.2026, 15:30
БЖЗҚ: 40 жыл бойы қорға 57 млн теңге жинаған азамат айына 311 мың теңге зейнетақы алады
12.03.2026, 10:14
«Бірнеше сағат бойы қинап, аяқ-қолын тілгілеген»: Атырауда бойжеткенге қорлық көрсеткен жігіт ұсталды
12.03.2026, 09:35
Бүгіннен бастап камералар көлікте белдік тақпаған және телефон ұстаған жүргізушілерді түсіріп алады – оның айыппұлы неше теңге
12.03.2026, 13:02
Шұғыл: әкімдік Астанадағы LRT-ның билетін 200 теңге деп бекітуді ұсынды