Қазір 6 арнайы техника қар күреуге жұмылдырылды
Республикалық маңызы бар «Сарыөзек-Көктал» автожолы бүкіл көліктер үшін жабылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
«Ауа-райының қолайсыздығына орай (жауын-шашын, боран, екпінді жел 20 м/с дейін) Алтын-Емел асуында республикалық маңызы бар Р-20 "Сарыөзек-Көктал" тасжолының 45-68 шақырым аралығында елорда уақыты бойынша сағат 20:30-дан бастап автокөлік құралдарының барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді», - делінген хабарламада.
Күрделі жөндеу учаскесінде қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруға 6 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.