Петропавлда коронавирус жұқтырды деген күдікпен 4 адам ауруханаға жатқызылды

Автор: Azattyq Rýhy

Отбасы жақында Тайландта демалып келген 

Фото: ашық дереккөзден

Петропавл қаласының 4 тұрғыны коронавирус жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Отбасы жақында ғана Тайландтан демалыстан оралған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Ерлі-зайыптылар дене қызуы көтеріліп жедел жәрдем қызметін шақырған. Әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы ресми хабарлама таратты.

«Отбасы Тайландтан дене қызуы көтеріліп оралған. Ата-анасы мен екі бала коронавирус жұқтырды деген күдікпен жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Сараптама көрсеткіштері коронавирус жұқпасын растаған жоқ. Аталған бейнежазбада медицина қызметкерлері тиісті алгоритмге сәйкес жұмыс істеді», - делінген құзырлы мекеме таратқан ақпаратта.

Эльмира Мәмбетқызы, Петропавл