Елімізде 743 адам COVID-19 инфекциясынан емделіп жатыр
Қазақстанда өткен тәулікте 56 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Сондай-ақ 2 адам КВИ пневмониясына шалдыққан. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
22 қарашадағы мәлімет бойынша, 743 адам коронавирус инфекциясынан (–590+ және 153 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 118 пациент стационарда, 625 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 7 адамның жағдайы ауыр,
- 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.