$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ирандағы наразылық: танымал екі актриса көпшілік алдына орамалсыз шықты

Сондай-ақ әлем чемпионатында Иран командасы гимн айтудан бас тартты

 

Ирандағы наразылық: танымал екі актриса көпшілік алдына орамалсыз шықты
Фото: Reuters

Иранда танымал екі актриса хиджабқа қарсы наразылық білдірушілерді қолдау мақсатында көпшілік алдына орамалсыз шықты. Артынша оларды жергілікті полиция қамауға алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі BBC-ге сілтеме жасап. 

Иран мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, көптеген марапаттардың иегерлері Хенгаме Гажиани мен Катайон Риахи үкіметке қарсы қастандық жасады деген баппен айыпталған.

Олар жексенбі күні ұсталды. Тұтқындау алдында Хенгаме Гажиани Twitter-дегі парақшасында жазба қалдырды. 

«Қандай жағдай болмасын, менің әдеттегідей Иран халқының жағында болатынымды біліңіздер. Бұл менің соңғы жазбам болуы мүмкін», - деп жазған еді актриса.

Хенгаме Газиани және Катаюн Риахи. Фото: әлеуеттік желіден

Жексенбіде Қатарда өткен әлем чемпионатында Иран футбол командасының капитаны Эхсан Хайсафи да елдегі ахуалға қатысты пікір білдірген еді.

«Біз еліміздегі жағдайдың нашар екенін және адамдар бақытсыз екенін мойындауымыз керек», - деді Э. Хайсафи.

Иран бокс федерациясының басшысы Хоссейн Соори Испаниядағы турнирден үйіне оралмайтынын айтты, ол бұл шешімін отанындағы толассыз наразылықтармен байланыстырып отыр.

Ал Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында ирандық жанкүйерлер Иранның Англиямен ойыны басталмас бұрын өз елінің әнұранын айтқылары келмеді. Сонымен бірге Иран командасы гимн айтудан бас тартты, бұл олардың өз еліндегі наразылықтарды қолдаудың айқын белгісі деп саналды.

Өткен демалыс күндері Иран билігі елдің солтүстік-батысындағы күрдтер тұратын аудандарда наразылықтарды басу үшін әскери күш жіберді. Айта кетерлігі, елдегі толқулардың басты ошағы дәл сол аймақта орналасқан.

Серіктес жаңалықтары