Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Степногор тұрғыны досын бопсалап, оның ұялы телефоны арқылы несие рәсімдеген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Степногор қаласының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын бопсалау фактісімен жүгінді. Жәбірленуші танысы, 19 жастағы жергілікті тұрғын күш көрсету мен қорқыту арқылы оның атына 24 мың теңге шағын несие рәсімдегенін айтты.
Күдікті оның ұялы телефонына микрокредиттік ұйымның қосымшасын орнатып, жәбірленушінің атына қарыз рәсімдеген. Шотқа түскен ақшаны өзіне аударып, кейінірек қолма-қол ақшаға айналдырды.