Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президенті Ибрахим Раисимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ибрахим Раиси Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс өткен Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Иран Президентінің құттықтауы мен ізгі тілектеріне ризашылығын білдіріп, Иран Ислам Республикасы Қазақстанның жақын серіктесі екенін атап өтті.
Тараптар бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен Иран арасындағы тығыз ынтымақтастықтың айқын көрінісі екеніне назар аударды.