Индонезияда жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 162-ге жетті

Автор: Azattyq Rýhy

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, олардың көбі балалар

фото: bandung.kompas.com

Индонезияда жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 162-ге жетті. Бұл туралы Azattyq Ruhy  Kompas басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым Батыс Ява провинциясы билігі өкілдерінің мәліметіне сүйеніп, қаза тапқандардың басым бөлігі балалар екенін жазды.

Бұған дейін зілзаладан 56 адам ажал құшқаны хабарланған. Сонымен қатар 700-ден астам адам зардап шекті. Жарақат алғандардың 70%-ның жағдайы ауыр.

Естеріңізге саламыз, бүгін Индонезияның Батыс Ява провинциясындағы Чанджур қаласында 5,6  баллдық жер сілкінісі болған.