ОСК сайлауға дайындықты тиімді жүзеге асырды - ЕҚЫҰ

Автор: Azattyq Rýhy

Сайлаушыларға саналы таңдау жасауға әсер еткен жағдайды айтты

Фото: ашық дереккөзден

ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөнiндегі бюросының байқаушылары Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлауының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының (ДИАҚБ) сайлауды бақылау миссиясының жетекшісі Урсула Гачек сайлаудағы әділеттілік туралы айтты.

“Азаматтардың саяси өмірге толыққанды қатысуы айтарлықтай шектеулі күйінде қалып отыр. Сайлау өткізу бойынша органдар БАҚ-қа қажетті ақпаратты ұсынды. Алайда компанияларды қажетті деңгейде насихаттамау және аналитикалық есептердің болмауы сайлаушылардың өз таңдауын жасауына әсер етті. Орталық сайлау комиссиясы сайлауға дайындықты тиімді жүзеге асырды. Деңгейі бойынша төмен тұрған сайлау комиссияларына жан-жақты оқытуды ұйымдастырды”,-деді ол.

Гачек айтқандай, сайлау күні барлық процедуралар ретімен өтті.