Бұйрықты ашық талқылау 5 желтоқсанға дейін жалғасады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «2023 жылға арналған қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеу туралы» жобасын дайындады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Ашық НҚА» порталында жарияланған «2023 жылға арналған қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеу туралы» бұйрық жобасы қоғамдық талқылаға шығарылды.
Құжатқа сәйкес, 2023 жылға қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 1925 адам, сондай-ақ 2023 жылға арналған қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы 6727 адам болып белгіленді.
2022 жылғы 19 қарашада бұйрық жобасы әлеуметтік-еңбек мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңеске жолданды. Бұйрықты ашық талқылау 5 желтоқсанға дейін жалғасады.