«Сізге жан-жақты қолдау көрсетуге дайынмын»: Салтанат Тұрсынбекова Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады

Автор: Azattyq Rýhy

Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31% дауыспен жеңіске жетті

Фото ашық дереккөзден

«Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінен президент сайлауына түскен кандидат Салтанат Тұрсынбекова Қасым-Жомарт Тоқаевты саяси додадағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтай келе, оған жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы, сізді шын жүректен жеңісіңізбен құттықтаймын! Жоспарларыңызды толық жүзеге асыруда сәттілік тілеймін! Мен сізге жан-жақты қолдау көрсетуге дайынмын!» - деді ол.

Айта кетейік, ОСК Қазақстандағы президенттік сайлаудың алдын ала нәтижесін жариялады: Қарақат Әбден – 2,6%, Нұрлан Әуесбаев – 2,22%, Жигули Дайрабаев – 3,42%, Мейрам Қажыкен – 2,53%, Қасым-Жомарт Тоқаев – 81,31%, Салтанат Тұрсынбекова – 2,12%. Барлығына қарсымын – 5,8%.