Ол Yntymaq саяси партиясын құруға ниетті екенін айтты
Мейрам Қажыкен Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Президент сенім несиесін ғана емес, Қазақстанның болашағы үшін үлкен жауапкершілікті де алды. Маған дауыс бергендердің бәріне алғысымды білдіргім келеді. Мені президенттікке кандидат етіп ұсынған «Аманат» республикалық бірлестігіне ерекше алғыс айтамын. Маған, бағдарламама сенген жұмысшыларға, студенттерге, зейнеткерлерге мың алғысымды білдіремін. Менің бағдарламам өзекті болып қала береді және оны жалғастырамын. Осы орайда Yntymaq саяси партиясын құруға пікірлестерім көмектеседі», - деді ол «Хабар 24» телеарнасының эфирінде.
Үндеуінің соңында Қажыкен саясатта қалуға уәде берді.