Оның айтуынша, бүгінде елімізге бірлік пен береке ауадай қажет
Президенттікке үміткер болған Қарақат Әбден еxit poll қорытындысы шыққаннан кейін Қазақстан халқына үндеу жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Құрметті қазақстандықтар! Кезектен тыс өткен президенттік сайлаудың Exit poll нәтижесі шықты. Бұл саяси додада жеңіске жеткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлын шын жүректен құттықтаймын. Ашық та әділ өткен бұл сайлау еліміздегі демократияның айқын көрінісі болды. Ел жүгін арқалау – өте үлкен жауапкершілік», - деді Қарақат Әбден.
Оның айтуынша, бүгінде елімізге бірлік пен береке ауадай қажет.
«Сондықтан ел тізгінін қолға алатын Қасым-Жомарт Кемелұлына шабыт пен қажымас қайрат тілеймін!», - деді ол.