Орталық сайлау комиссиясы сайлауға қатысқандардың саны туралы алдын ала қорытындыны жариялады
Орталық сайлау комиссиясының сағат 22.00-дегі мәліметі бойынша, елімізде сайлаушылардың 69,43 пайызы дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Сағат 22.00-дегі жағдай бойынша Қазақстанның 8 299 501 азаматы дауыс беру бюллетендерін алды, бұл дауыс беру тізімдеріне енгізілген жалпы санның 69,43 пайызына тең болды», - Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Константин Петров.
Таңғы 8.00-де басталған дауыс беру науқаны Астана уақытымен 22.00-де аяқталды. Тек шетелдегі 44 сайлау учаскесі бойынша жұмыс жүргізілуде.