Президент сайлауы: сайлаушылардың 67,85 пайызы дауыс берді

Автор: Azattyq Rýhy

Түркістан облысы көш бастап тұр

Фото: Azattyq Ruhy / Марат Қалдыбаев

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қараша сағат 18.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 67,85 % бюллетень алды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оның ішінде:

  1. Абай облысы бойынша – 78,88 %
  2. Ақмола облысы бойынша – 75,82 %
  3. Ақтөбе облысы бойынша – 71,23 %
  4. Алматы облысы бойынша – 70,92 %
  5. Атырау облысы бойынша – 67,88 %
  6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 64,77%
  7. Жамбыл облысы бойынша – 77,27 %
  8. Жетісу облысы бойынша – 77,08 %
  9. Қарағанды облысы бойынша – 77,80%
  10. Қостанай облысы бойынша – 77,56 %
  11. Қызылорда облысы бойынша – 77,20 %
  12. Маңғыстау облысы бойынша – 64,57 %
  13. Павлодар облысы бойынша – 77,12 %
  14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 77,46 %
  15. Түркістан облысы бойынша – 80,25 %
  16. Ұлытау облысы бойынша 74,45%
  17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 76,81 %
  18. Астана қаласы бойынша – 48,01 %
  19. Алматы қаласы бойынша – 27,93 %
  20. Шымкент қаласы бойынша – 59,56 %

Келесі жедел ақпарат сағат 20.05-те берілетін болады.