20.11.2022, 16:15
Жаңалықтар
Сайлау-2022: Түркістан облысының 80 пайыз тұрғыны дауыс берді
Ең төменгі көрсеткіш Алматы қаласында
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қараша сағат 16.05-тегі жағдай бойынша тізімге енген азаматтардың жалпы санының 62,34%-ы бюллетень алған. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Түркістан облысы көшбасшылардың қатарында, мұнда тұрғындардың 80 пайыздан астамы дауыс беріп үлгерген. Ал елордалықтардың 44 пайыздан астамы сайлауға қатысса, Алматы қаласы бойынша көрсеткіш 26,19 пайызды, Шымкентте 56,28 пайызды құрап отыр.

- Абай облысы бойынша – 73,57%;
- Ақмола облысы бойынша – 71,38%;
- Ақтөбе облысы бойынша – 68,81%;
- Алматы облысы бойынша – 55,11%;
- Атырау облысы бойынша – 60,87%;
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 54,62%;
- Жамбыл облысы бойынша – 68,74%;
- Жетісу облысы бойынша – 68,88%;
- Қарағанды облысы бойынша – 71,89%;
- Қостанай облысы бойынша – 71,38%;
- Қызылорда облысы бойынша – 72,88%;
- Маңғыстау облысы бойынша – 59,61%;
- Павлодар облысы бойынша – 72,73%;
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 72,21%;
- Түркістан облысы бойынша – 80,09%;
- Ұлытау облысы бойынша 72,75%;
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 68,42%;
- Астана қаласы бойынша – 44,39%;
- Алматы қаласы бойынша – 26,19%;
- Шымкент қаласы бойынша – 56,28%.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды