Алматыда 102 жастағы қария дауыс берді

Автор: Әйгерім Ердәулет

Ұлы Отан соғысының ардагері Филип Губанов өз таңдауын жасады

Алматыда 102 жастағы қария Филип Губанов дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазыналы қарттар да саяси науқанға қалы қалмауды құп көрген. Елдің әр өңіріндегі қарттар елдің болашағы үшін дауыс беріп жатыр. Алматыдағы «Құлагер» ықшамауданының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері 102 жастағы Филип Губанов та өз таңдауын жасады. Оның үйіне №536 сайлау учаскесі комиссиясының мүшелері арнайы келді.

«Мен аштықты да, тоқтықты да көрген адаммын. Сонау сұрапыл соғысқа қатысып, Отан үшін от кештім. Тағдыр маған бейбіт өмірді, бақытты күндерді көруді бұйырған екен. Сол бейбіт өмірді сақтай білейік. Мен бүгін еліміздің бейбіт өмірі, бақытты күндері үшін дауыс беріп отырмын! Бұл да үлкен бақыт!», - деді соғыс ардагері.