Дәрігерлер аналар мен сәбилердің жағдайы жақсы екенін атап өтті
Бүгін, сайлау күнінің жартысында Түркістан облысының перзентханаларында 90 сәби дүниеге келді, оның ішінде екі жұп егіз балалар да бар, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Сайлау күні Түркістан облысында 90 бала дүниеге келді. Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, олардың 46-сы – ұл, 44-і – қыз, оның ішінде екі жұп егіз бала бар. Егіздердің бір жұбы Қазығұрт ауданында, тағы бір жұбы Түлкібас ауданында дүниеге келді» , - делінген хабарламада.
Дәрігерлер аналар мен сәбилердің жағдайы жақсы екенін атап өтті.