ОСК: Сайлаушылардың 51 пайызы дауыс берді

Автор: Azattyq Rýhy

Ең белсенді дауыс берушілер Түркістан облысында тіркелген

Түскі сағат 14:05-тегі жағдай бойынша, Қазақстанда тізімге енген азаматтардың жалпы санының 51,16 % бюллетень алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес ең белсенді дауыс берушілер Түркістан облысында тіркелген. Алматы қаласы әлі де соңғы орында, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Осылайша, сағат 14:05-тегі жағдайға сәйкес:

  1. Абай облысы бойынша – 69,32 %
  2. Ақмола облысы бойынша – 51,04 %
  3. Ақтөбе облысы бойынша – 53,21 %
  4. Алматы облысы бойынша – 40,85 %
  5. Атырау облысы бойынша – 52,56 %
  6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 43,85 %
  7. Жамбыл облысы бойынша – 52,74%
  8. Жетісу облысы бойынша – 52,17 %
  9. Қарағанды облысы бойынша – 53,75 %
  10. Қостанай облысы бойынша – 53,15 %
  11. Қызылорда облысы бойынша – 59,18 %
  12. Маңғыстау облысы бойынша – 53,40 %
  13. Павлодар облысы бойынша – 52,55 %
  14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 53,10 %
  15. Түркістан облысы бойынша – 76,61 %
  16. Ұлытау облысы бойынша 68,32 %
  17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 52,99 %
  18. Астана қаласы бойынша – 39,79 %
  19. Алматы қаласы бойынша – 24,17 %
  20. Шымкент қаласы бойынша – 51,69 %

Келесі жедел ақпарат сағат 16.05-те берілетін болады.