«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы сайлауда дауыс берді

Автор: Azattyq Rýhy

Ол елордадағы №130 сайлау учаскесінде дауыс берді

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ол елордадағы №130 сайлау учаскесінде дауыс берді.

«Бүгін әр тұрғын өзінің сайлау құқығын пайдаланып, ел болашағы үшін таңдау жасайтын Тәуелсіз Қазақстанның саяси өміріндегі тарихи күн. Еліміздің алдағы 7 жылдағы даму бағыты айқындалар тұста барша қазақстандықты азаматтық белсенділік танытып, сайлауға бір кісідей қатысуға шақырамын!» - деді Асхат Оралов.