Президент сайлауында 4,6 млн-нан астам адам дауыс берді
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қараша сағат 12.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 38,55 % бюллетень алды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазақстан бойынша сағат 12.00-дегі жағдай бойынша президент сайлауына 4 миллион 606 мың 596 адам немесе сайлаушылардың 38,55 пайызы қатысты», - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов.
Оның ішінде:
Келесі жедел ақпарат сағат 14.05-те берілетін болады.