Қазақстан Республикасының 11 шет мемлекеттегі өкілдіктері жанындағы 12 учаске дауыс беруге кірісті
Мәскеудегі сайлау учаскесінде бірінші болып РФ СІМ Дипломатиялық академиясының студенті, 21 жастағы Әлішер Бейсен дауыс берді. Бұл туралы Azattyq Ruhy Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Мәскеуде бірінші болып дауыс беру мен үшін өте маңызды болды. Түні бойы осы сәтті күтіп, ұйықтамадым. Мен өте қуаныштымын, дауыс беру сәтіндегі фотомды әкеме жіберемін, ол өте қатты қуанады», - деп әсерімен бөлісті.
Айта кетейік Қазақстан Республикасының 11 шет мемлекеттегі өкілдіктері жанындағы 12 учаске дауыс беруге кірісті.
Республикада дауыс беруге арналған 10 101 учаске бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 53 елде 68 учаске бар.
86 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды.