Дауыс беруге келген алматылықтарға қандай сыйлықтар берілді?

Автор: Әйгерім Ердәулет

Бүгін елімізде президент сайлауы өтіп жатыр

Алматының әр ауданында кезектен тыс президент сайлауына ерте келген азаматтарға сыйлықтар берілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мәселен, Түрксіб ауданындағы №454 сайлау учаскесінде бірінші дауыс берушіге сыйлық ретінде Абай кітабы, қаламсап, асық және кәдесыйлардан тұратын жиынтық ұсынылды.

Ал Әуезов ауданындағы № 171 және № 172 сайлау учаскелерінде жүкті әйелдерге жаялықтар жиынтығы, шоколад қорабы және жаңа туған нәрестеге арналған альбом сыйлық ретінде берілді.

Сондай-ақ, сайлауға алғаш рет келгендерге Алматы қаласының Медеу ауданында да "Қазақстан" шоколад плиткалары таратылды. Айта кетейік, бұл аудандағы № 401 сайлау учаскесінде 88 жастағы әже, № 375 және № 377 сайлау учаскесінде 82 және 83 жастағы аталар келіп дауыс берді.

Бүгін Қазақстанда президент сайлауы өтіп жатыр.