Оның бесеуі ұл болса, он бірі – қыз бала
Сайлау басталған уақыттан бері Маңғыстау облысының перзентханаларында он алты бала дүниеге келді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Перзентхана өкілдерінің айтуынша, бұл – түнгі сағат 00.00-ден таңғы сағат 08.00 аралығындағы деректер. Тәулік соңына дейін дүние есігін ашатын балалардың саны әлі де артады деген болжам бар.
Айта кетейік, Маңғыстаудың орталық перзентханасында босанып жатқан аналар үшін аурухана ішінен дауыс беру учаскесі ашылған.