Елдің батысында дауыс беру басталды

Автор: Azattyq Rýhy

Бес өңірде сайлау учаскелері Астана бойынша сағат 8:00-де ашылды

Қазақстанның бес өңірінде Астана бойынша сағат 8:00-де дауыс беру басталды. Олар: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары. Бұл туралы Azattyq Ruhy Sailau 2022 Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Мұндағы сайлау учаскелері уақыт айырмашылығына байланысты бір сағаттан кейін ашылды.

Айта кетейік, елімізде дауыс беруге арналған 10 101 учаске бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 53 елде 68 учаске бар.

86 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды.

Тізімге енгізілген азаматтардың саны: 11 млн 950 мың 485.