Ол бұл сайлаудың елдің болашағына әсер ететінін айтты
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин президенттік сайлауда дауыс берді. Бұл туралы Azattyq Ruhy Sailau2022 Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Әрбір сайлаудың маңызы зор, өйткені ол елдің болашағына, дамуына, әрбір азаматтың ертеңіне әсер етеді. Бұл сайлау еліміздің даму перспективаларын анықтау үшін маңызды деп ойлаймын. Бұл сайлау жаңа мемлекеттік құрылымның негізін қалайды», - деді Ерлан Қарин.