SpaceX 2021 жылы космосқа турист ұшыру жайлы келісімге қол қойды

Автор: Azattyq Rýhy

Crew Dragon кемесімен төрт адам ғарышқа аттанады

Әйгілі SpaceX американдық Space Adventures компанияcымен орбитаға 4 турист ұшыру туралы келісімге қол қойды, - деп хабарлайды Space.com. Саяхат үшін  Crew Dragon кемесі таңдалған.

«Ұшырылым 2021 жылдың соңына қарай жоспарлануда. Ғарыш туристері орбитада 5 күн болады. Саяхат аясында халықаралық космос станциясымен  түйісу болмайды», - делінген  SpaceX компаниясының хабарламасында. 

Ұшу құны әзірге жарияланбай отыр. Бұған дейінгі ғарыш сапары ондаған миллион долларды құраған болатын. Айта кетейік, Space Adventures компаниясы осыған дейін де ғарышқа 7 туристі ұшырған болатын. 

2001 жылы американдық мультимиллионер Деннис Тито; 2002 жылы Оңтүстік африкалық кәсіпкер Марк Шаттлворт; 2005 жылы американдық кәсіпкерлер Грег Олсен және 2006 жылы Ануше Ансари; 2007 және 2009 жылдары Microsoft тең құрылтайшысы Чарльз Симони; 2008 жылы компьютерлік ойындарды әзірлеуші Ричард Гэрриот және 2008 жылы Cirque du Soleil негізін қалаушы Ги Лалиберте орбитаға сапарлап қайтқан.

Ал аспан кеңістігіне туристерді тасымалдайтын Crew Dragon – Dragon жүк кемесінің модификациясы. 2019 жылы халықаралық ғарыш станциясына жүк тасымалдап, жерге сәтті қонған. Ал Crew Dragon кемесінің алғашқы ұшырылымы 2020 жылдың көктеміне жоспарланған.