Елордада Кәрім Мәсімовтің соты басталды

Автор: Azattyq Rýhy

Оған қатысты іс "аса құпия" деген белгімен қаралып жатыр

Фото ашық дереккөзден

Елордада ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты сот басталды. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «2022 жылғы 18 қарашада Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты сот басталды», - деді елорда сотынан.

Оған қатысты іс "аса құпия" деген белгімен қаралып жатыр.

Еске сала кетейік, биыл 6 қаңтарда Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы лауазымынан босатылған болатын.