Абай облысында тоғыз балабақша салынады
Сондай-ақ, өңірде 11 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр
2026 жылға дейін Абай облысында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 2100 орынға арналған 9 балабақша ашылады. Бұл туралы Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында облыстық Білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев мәлімдеді Azattyq Rýhy.
Сонымен қатар, "Жайлы мектеп" пилоттық ұлттық жобасы аясында 5 700 орынға арналған 11 жаңа мектеп салу жоспарлануда.
"2023 жылы Семейде 3000 орынға арналған 5 мектеп, Водный кентінде 600 орындық, Аягөзде 600 орындық, Ақсуат ауылында 300 орындық, Бесқарағай ауылында 300 орындық мектептердің құрылыс басталады. 2024 жылы - Семейде 2700 орындық 6 мектеп, Ақсайда 600 орындық, Қарағайлыда 900 орындық, Жарма ауданы Қалбатау ауылында 300 орындық, Ақтоғайда (Аягөз ауданы) 300 орындық, Ақсуат ауданы Екпін ауылында 300 орындық мектеп салу жоспарлануда", - деді Нұржан Ахметқалиев.
Қазіргі уақытта жобаларды іске асыру үшін бастапқы-рұқсат беру құжаттары бойынша жинақтау жүргізіліп жатыр.
Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде білім беру саласы бойынша 64,3 млрд теңге бөлінген.